Жүгіру жолы
Кіру
AA+
ул. Қажым Жұмалиева 13/5
8 (777) 567 26 67
8 (775) 672 28 19
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«ORLE» ЖШС «Өрлеу-1» жеке бөбекжайы

Құрметті ата-аналар! «ORLE»  Жеке шаруашылық серіктестігі «Өрлеу-1» жеке бөбекжайы 2021 жылдың тамыз айында ашылды. Бөбекжай ғимараты типтік, 2021 жылы кірпіш тастан салынған. Бөбекжайдың жобалық қуаттылығы 47 балаға есептелген, балалардың жас кезеңдеріне сәйкес 3 топ құрылды. Ғимарат- 2 қабатты, құрылыс ауданы -139,3 жалпы алаңы-324,9 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты: әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін

Міндеттер: 

1. Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
2. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай білім, білік және дағдыларын дамыту.
3. Баланың шығармашылық, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру.
4. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
5. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бала тәрбиесіндегі ынтымақтастықты арттыру.
6. Педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу.
7. Балаларды мектепке дайындау, дербестікке, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады.

Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында:

1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;
2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны; 
3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру; 
4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылады.