Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«ORLE» ЖШС «Орлеу-1» балабақшасы

Шалқар Ержан Ихсанұлы                                                           Зиеденова Асылзада Сейфуллиевна

Құрылтайшы                                                                                  меңгеруші

 

 

 

Құрметті ата – аналар !

«Өрлеу-1»  жеке бөбекжайы   2021 жылдан  бастап жұмыс жасап келеді. Бөбекжайда   3топ балалары қазақ тілінде тәрбие алады. Біздің басты міндетіміз мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке, патриоттық тұрғыда тәрбиелей отырып ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылымның жетістіктеріне негізделген тұлға тәрбиелеуге тиісті жағдай жасау.

Кәсіпорынның тәрбие мен білім беру қызметі мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде дайындалған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөбекжайдың  материалдық базасы талаптарға сай жасалынған: топ бөлмелері, музыкалық зал, асхана, дәрігерлік қызмет, психолог кабинеттері толық жабдықтармен қамтылған.

Педагогикалық ұжым білімді, жаңалыққа жаны құштар, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандардан құралған. Тәрбиеленушілеріміз бен педагогтарымыз әр түрлі деңгейдегі байқауларға, тренингтерге, семинарларға қатысып, алғыс хаттар мен сертификаттарды иеленіп отыр.

Бөбекжайы басшысы: Зиеденова.А.С.Іскер басшылықтың арқасында ұжым мүшелері отбасымен бірлесе отырып, еліміздің жарқын болашағы болып табылатын тұлға қалыптастыру мен дамыту ісіне ерекше  көңіл бөлуде.

Атауы:

 ЖШС  ORLE «Өрлеу-1» жеке бөбекжайы

Тәрбие беру тіл:

Қазақ

Түрі:

Жеке

Негізгі құны, айына:

1-ден 5 жасқа дейінгі топ – 30 000 теңге

Жұмыс тәртібі:

Бес күндік жұмыс аптасы, 07:30-дан 18:00 дейін

Кезекші топ:

Бар

Телефон:

+7 (775) -672-28-19

Мекен-жай:

Орал қаласы, Қ.Жұмалиева  атындағы көшесі, 13/5  үй